KZ/ RU/ ENG

Тұрақтандыру қорынан 7 тоннаға жуық өнім ауыл жәрмеңкесіне “Солтүстік”ӘКК әкелінді

“Солтүстік” ӘКК 30 қыркүйекте М. Жұмабаев ауданында өткен жыл сайынғы күзгі жәрмеңкеге қатысты.

Булаев аудан орталығына тұрақтандыру қорынан жеті тоннаға жуық өнім әкелінді. Оның ішінде 500 кг “Лидер” күріші мен қарақұмық жармасы, 360 кг өлшенетін түтік кеспе, 300 кг тұз, 100 пакет “Радуга” және “АгроГрейн” өндірісінің 1 сортты ұны, биылғы жылдың 1,5 тонна қырыққабаты мен пиязы, 3 тонна картоп, 450 литр “Дары Кубани” және ” Заречное» өсімдік майы.

Жәрмеңке қонақтары азық-түлікті төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, күріш бір килограмына 335 теңгеден, тұз – 50 теңгеден, түтік кеспе – 250 теңгеден, қарақұмық – 330 теңгеден, өсімдік майы – 590 теңгеден, 1 – сұрыпты ұн-маркасына байланысты салмағы 2 кг қаптама үшін 260-280 теңгеден, қырыққабат пен пияз 105 және 120 теңгеден тиісінше, картоп – килограмына 110 теңге.

Жәрмеңкедегі тұрақтандыру қорының өнімдері бірнеше сағат ішінде сатылды. Жергілікті өндірушілердің ұны ерекше сұранысқа ие болды.

“Солтүстік” ӘКК ауыл тұрғындары сапалы өнімдерді қолайлы бағамен сатып алуы үшін алдағы уақытта жәрмеңкелерге және облыстың басқа аудандарына баруды жоспарлап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының 14-і сатып алынады. Өнімді өңірде өндірілмейтінін қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қорын қалыптастырады.

 

 

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG