KZ/ RU/ ENG

ҚР Премьер-Министрі “Қызылжар сүт”сүт-тауар фермасында болды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қызылжар ауданы Чапаев ауылындағы “Қызылжар сүт” ЖШС заманауи сүт-тауар өнімдеріне  фермасына барды.

Кәсіпорын өндірісті ашу үшін “Солтүстік” ӘКК ” АҚ арқылы қарыз алды.

“Қызылжар сүт” сүт-тауар фермасы 2020 жылдың соңында жұмыс істей бастады. Жобаның құны-шамамен 4 млрд теңге. Қаражаттың бір бөлігі-несиелер,”Солтүстік “ӘКК” АҚ және Аграрлық кредиттік корпорация арқылы алынған.

Фермада бәрі мүмкіндігінше автоматтандырылған, сауу бөлмесінде “елочка”жабдықтары орнатылған. Сәйкестендіруге арналған құрылғы-мал басының рескаутерлері бар, ол

өнімділікті ескеруге мүмкіндік береді.

Қазір фермада 1,5 мың бас мал бар, оның 600-ге жуығы сауын сиырлар. Әрқайсысы күніне 29-30 литр сүт береді. Күн сайын қайта өңдеуге 16 тонна сүт жіберіледі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша кешен 6,1 мың тонна шикі сүт берген.

Көлемі жыл сайын артып келеді.

МТФ-да 78 адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі  жақын маңдағы Чапаев ауылының  тұрғындары.   Орташа жалақы-310 мың теңге.

Сүт-тауар ферма құрылысына қарыздар беру жөніндегі пилоттық жоба биылғы жылы ӘКК арқылы беру еліміздің басқа өңірлері бойынша  масштабталады.

Солтүстік Қазақстан облысына 17 млрд теңге бөлінді.

18 жобаны іске асыру жоспарланған, оның 15-ін қаржыландыру мақұлданды.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG