“Солтүстік” ӘКК су тасқынына қарсы іс-шараларда жұмыс істейтін сарбаздар үшін тамақ ұйымдастырды
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ Қызылжар ауданы Прибрежное кентінің айналасындағы қорғаныс құрылысын нығайтуға көмектесетін әскери қызметшілерді ыстық түскі аспен тамақтандырды.
Дастарқан мектеп асханасында жайылды. Корпорация қызметкерлері палау дайындады, бауырсақ, тоқаш пісірді. Сарбаздарға кәмпиттер, печенье және зімбір қосылған ыстық шай берілді.
Батальон командирінің орынбасары Кирилл Сербин Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларынан келген мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Прибрежное кентінде бір апта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Олар білік салуға көмектесіп, қаптарды инертті материалдармен толтырады.
Бұдан басқа, “Солтүстік “ӘКК” АҚ әскери қызметшілер үшін ыстық түскі ас дайындайтын асхананы азық-түлік қорымен қамтамасыз етті.Оның ішінде картоп, сәбіз, тауық еті, күріш, қарақұмық жармасы, макарон, күнбағыс майы бар.