“Солтүстік ” ӘКК “Ауыл аманаты” жобасын іске асыру жөніндегі республикалық семинарға қатысуда
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов және шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімінің басшысы Талғат Жұмабеков “Ауыл аманаты” бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық семинарға қатысуда.
Іс-шара Қызылорда облысында өтуде. Семинардың мақсаты “Ауыл аманаты” бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларын шығару, алдағы жұмыс жоспарларын талқылау болып табылады
Семинарды Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ашты. Ол “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында еліміз бойынша 16 мың шағын несие беріп, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашқанын атап өтті.
Жақсылық Есдәулетов “Ауыл аманаты” бағдарламасының қажеттілігі мен бірегейлігін ескере отырып, мұндай семинарлар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жобаны табысты іске асыру үшін қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, “Ауыл аманаты” бағдарламасы ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыруға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.
Солтүстік Қазақстан облысында “Ауыл аманаты” бағдарламасының операторы “Солтүстік “ӘКК”АҚ болып табылады.
Жоба аймақ тұрғындары арасында танымал болды. 2023 жылы өңірге бөлінген жалпы сомасы 1,8 млрд теңге болатын 236 өтінім мақұлданды. Іске асырылған жобалардың арқасында ауылдарда 248 жұмыс орны ашылды.