KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК ауыл тұрғындарына агросектордағы мемлекеттік қолдау туралы айтып берді

Солтүстік” ӘКК АҚ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына арналған семинар-кеңеске қатысты. Іс-шара М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында өтті.

Кеңеске қаржы институттарының өкілдері, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары және ауданның шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов “Солтүстік” ӘКК аграрлық секторда бірнеше бағытта қолдау көрсететінін атап өтті. Атап айтқанда, ӘКК қайтарымды қарыздар беру арқылы жобаларды қаржыландырады.

Жаңа сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, жылыжайларды, өңдеу кәсіпорындарын және басқа да бірқатар жобаларды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге қарыз алуға болады.

Бұдан басқа, “Солтүстік” ӘКК көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қолдау тетіктерін ұсынады. Олардың ішінде “Кең дала 2” бағдарламасы шеңберінде кредит беру, “Азық-түлік корпорациясы “ҰК” АҚ алдындағы форвардтық сатып алу және/немесе тауарлық кредит шарттары бойынша міндеттемелерін орындау бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кепілдіктер беру. ӘКК ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған “Ауыл аманаты” мемлекеттік бағдарламасының операторы болып табылады, – деп түсіндірді Олжас Сағандықов.

Ол қарыз беру шарттары мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ауыл тұрғындары мен аграршыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG