Таза Қазақстан: «Солтүстік» ӘКК апта сайын сенбліктер өткізеді
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ қызметкерлері 26 сәуірде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы және абаттандыру айлығы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке шықты.
“Қызылжар-Ақбастау”базарының маңындағы аумақты 30-дан астам адам тазартты. Қоқыстарды шығарып, ернеулерді бояды. Айта кетейік, корпорация қызметкерлері апта сайын сенбіліктер өткізіп, “Таза Қазақстан”акциясын қолдайды.
“Солтүстік” ӘКК Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосуға тырысады.
Естеріңізге сала кетейік, “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы 2024 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталды.
Оның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.