Тұрақтандыру қорының өнімі бағасының мониторингі
“Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавлдың супермаркеттері мен дүкендерінде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Әр апта сайын бағаны бақылау 10-15 сауда нүктесінде жүзеге асырылады. Солардың бірі-Aimer супермаркеті. Мұнда тұрақтандыру қорынан күріш, қарақұмық, түтік кеспе, 1-ші сортты ұн, тұз, жұмыртқа, күнбағыс майы, сәбіз, пияз, картоп, қант сатылады
Мониторинг кезінде сөрелерде өнімнің болуына назар аударылады. Егер қандай да бір тауар жоқ болса, “Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері әкімшімен дереу байланысып, себебін анықтайды.
Ерекше бақылауда-баға деңгейі. Сауда үстемесі 15% – дан аспауы керек.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорын “Солтүстік” ӘКК қалыптастырады. Әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің 14 і сатып алынады.
Сауда нүктелерінің өнім тізімі, өзекті бағалары мен мекенжайлары “Солтүстік “ӘКК” АҚ сайтында “тұрақтандыру қоры”бөлімінде орналастырылады.https://spk-soltustik.kz/стабилизационный-фонд/