KZ/ RU/ ENG

Жаңа қырыққабат пен картопты жергілікті фермер тұрақтандыру қорына әкелді

Тұрақтандыру қорына жаңа дақылдың қырыққабаты мен картоптары түсті. Көкөністерді «Солтүстік “ӘКК” АҚ жергілікті фермер ЖК Золотаревтан сатып алды.

Кәсіпкер Евгений Золотарев тұрақтандыру қорына М. Жұмабаев ауданы Медвежка ауылында өз егістіктерінде өсірілген үш тонна жаңа қырыққабат пен картоп әкелді. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ-мен фермер 2020 жылдан бері ынтымақтасып келеді.

Жаңа піскен көкөніс өнімдерін “Солтүстік” ӘКК ” АҚ сауда нүктелерінен сатып алуға болады. Картоп бір килограмына 170 теңгеден, қырыққабат – 135 теңгеден сатылады.

Петропавлда ӘКК сауда нүктелері “Дария”, “Алтын арман”, “Тайга”, “Алматы-Петропавл”, “Қызылжар” базарларында, “Корона” және “Океан” сауда үйлерінде орналасқан. Бескөлде – Гагарин көшесі, 6а мекенжайындағы “Қазпошта” АҚ ғимаратында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, “Солтүстік” ӘКК ” АҚ өңірдің тұрақтандыру қорын қалыптастырумен айналысады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тағамның 14-і сатып алынады. Облыста өндірілмейтіндерді қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден өнім сатып алынады (қант, күріш және өсімдік майы).

 

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG