KZ/ RU/ ENG

Күнбағыс майы мен картоп СҚО тұрақтандыру қорына түсті

Тұрақтандыру қорына өнімнің кезекті партиясы келді.
Жергілікті “Sarvat” фермасы 25 қыркүйекте тұрақтандыру қорының қоймасына 4,5 тоннадан астам жаңа піскен картоп жеткізді.
Сауда нүктелеріне үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Алматы облысынан бір вагон “Дельное” күнбағыс майы тұрақтандыру қорына уақтылы келді.
Өнім жеткізушілер тұрақты қорға өнімді үнемі жеткізеді. Қоймадан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бірден “Солтүстік “ӘКК” АҚ сауда нүктелері бойынша және өтінімдер бойынша қала мен облыстың дүкендері мен супермаркеттеріне жөнелтіледі.
Петропавлда ӘКК сауда нүктелері “Дария”, “Алтын арман”, “Тайга”, “Алматы-Петропавл”, “Қызылжар” базарларында, “Корона” және “Океан”сауда үйлерінде орналасқан. Бескөлде – Гагарин көшесі, 6а мекенжайындағы “Қазпошта” АҚ ғимаратында.
Естеріңізге сала кетейік, өңірдің тұрақтандыру қорын қалыптастырумен “Солтүстік “ӘКК”АҚ айналысады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тағамның 14-і сатып алынады. Облыста өндірілмейтіндерді қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден өнім сатып алынады (қант, күріш және өсімдік майы).
Сауда нүктелерінің тізімі және тұрақтандыру қоры өнімдерінің өзекті бағалары “Солтүстік” ӘКК сайтында орналастырылады. Естеріңізге сала кетейік, өңірдің тұрақтандыру қорын қалыптастырумен “Солтүстік “ӘКК”АҚ айналысады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тағамның 14-і сатып алынады. Облыста өндірілмейтіндерді қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден өнім сатып алынады (қант, күріш және өсімдік майы).
Сауда нүктелерінің тізімі және тұрақтандыру қоры өнімдерінің өзекті бағалары “Солтүстік” ӘКК сайтында орналастырылады. https://spk-soltustik.kz

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG