KZ/ RU/ ENG

Дала алтыны: СҚО-да құрғақ бие сүтін өндіретін алғашқы ферма ашылды

Айыртау ауданының Кутузовка ауылында құрғақ бие сүтін өндіру бойынша ферма ашылды. Жаңа ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Север Агро LTD» ЖШС тиесілі. Ол 400 бас жылқыға арналған. Жобаның жалпы сомасы 3,2 млрд теңге, деп хабарлайды Qazaqstan Media   

Кутузовкаға жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген 100 бас «Кушумская» жылқысы әкелінді. Келесі жылы тағы осындай көлемде сатып алу жоспарланып отыр. Ал 2027 жылы олардың басын 400- гедейін жеткізу жоспарланған.

«Біз бие сүті ұнтағын өндітерін бірегей нысанның ашылғанына куәгер болдық.  Оның өндірістік қуаты жылына 40 тонна.   Бұл Қазақстандағы екінші кәсіпорын. Оның бірегейлігі- барлық өнімдер экспортқа бағдарланған»,- деп атап өтті СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Өнімдер фармацевтика, аспаздық және спорттық тамақтануда қолданылмақ. Ол үшін кәсіпорында Германиядан шетелдік мамандарды тарта отырып, ең озық технологиялар қолданылады.

«Құрғақ бие сүтінің бірегейлігі-бұл ешқандай қоспасыз таза өнім. Оны нәрестелерден бастап барлық жастағы адамдарға ішуге болады. Сондай- ақ таңғы асқа қосымша ретінде және спорттық тамақтану үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, болашақта тағы бір бағыты болмақ, ол косметикалық өнімдер», -деп атап өтті кәсіпкер Ганс Цольман.  

Фермада WEA Tech GmbH компаниясының  заманауи немісавтоматтандырылған  жабдықтары орнатылды. Ол сауу цехымен толық жабдықталған, мерзімді мөлшерлеу станциясы, қымыз және сүтке арналған зарарсыздандырғыш, сүтті мөлшерлейтін сорғы, тік вакуумды буып- түю, сублиматорлар, тоңазытқыш жабдықтары.

 «Жоба мемлекет басшысының   тапсырмасы және СҚО агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу бойынша тәжірибесін трту шеңберінде іске асырылды»,-деп қосты  Марат Тасмағанбетов.

Фермада 15 адам істейтін болады. На ферме будут работать 15 человек. Жобаны  «Half to Life» ЖШС әзірледі. Мердігер –  «ЖайсанСтрой» ЖШС.

Кәсіпорынның максималды өндірістік қуаты – жылына 40 тонна құрғақ өнім. Бастапқы кезеңде қуа екі есе аз болады. Сауу күніне 600 литр болады.  100 литр сүттен 10 кг ұнтақ алынады.

«Бір топты сауу уақыты 20- 25 минут, онда 40- 45 бас. Олар сауылған соң, жаңа топ кіреді.  Барлығына бір- бір жарым сағат уақыт кетеді. Одан кейін сүт танк салқындатқышқа түседі. Онда ол төрт градусқа дейін салқындатылып, бірден 75 градусқа дейін зарарсыздандырылады.  Бұл жайлы зарарсыздандыру. Одан кейін сүт жылжымалы танк салқындатқышқа түсіп, сублиматорға жүктеледі. 24 сағаттан соң дайын құрғақ өнім алынады. Ол ваккумдалып, буып- түйіліп және сатуға жіберіледі», – деді бас директордың мал шаруашылығы бойынша орынбасары Мейрам Ахметжанов.

Жобаның жалпы сомасы 3,2 млрд теңге, оның 1,5 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК арқылы қаржыландырылған.

Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында 21 жоба іске қосылып, оның 19 млрд теңгесін ӘКК арқылы бөлінген.

«Жалпы бұл бағдарламаны іске қосу үшін 1050 жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 89 млрд теңгеге жуық инвестиция пайдаланылды, онда 23 инвестжоба ашылған»- деп қосты СҚО әкімінің бірінші орынбасары.   

 

https://qaz-media.kz/zoloto-stepej-pervuyu-fermu-po-proizvodstvu-suxogo-kobylego-moloka-otkryli-v-sko

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG