KZ/ RU/ ENG

Тұрақтандыру қорының өнімдері бағасының мониторингі: “Семейный”супермаркеті

“Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавлдың супермаркеттері мен дүкендерінде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Әр апта сайын бағаны бақылау 10-15 сауда нүктесінде жүзеге асырылады. Солардың бірі-Жұмабаев көшесіндегі “Семейный” супермаркеті.

Мұнда тұрақтандыру қорынан күріш, кеспе түтік, 1-ші сортты ұн, тұз, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, жұмыртқа, құс еті және сиыр еті сатылады.

Сіз “Северныйда” тұрақтандыру қорының өнімдерін ашық түсті баға белгілерімен таба аласыз. Сонымен қатар, оларда “ӘКК” немесе “тұрақтандыру қоры”көрсетілген.

Өнімдер тізімін, ағымдағы бағалар мен сауда нүктелерінің мекен-жайларын әрқашан “тұрақтандыру қоры”бөлімінен көруге болады https://spksoltustik.kz/стабилизационный-фонд/

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG