KZ/ RU/ ENG

Жамбыл ауданында 400 басқа арналған сүт фермасы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында «Агротехника-Жамбыл» ЖШС 400 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасы ашылды. Жоба «Солтүстік «ӘКК»АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды.

«Агротехника-Жамбыл” ЖШС басшысы Олег Григорьев жобаның бірінші кезеңін ашқанын атап өтті:

– Барлық ғимараттар, соның ішінде 400 басқа арналған қора, бұзау қорасы бар туу бөлімі, сауу-сүт блогы, жемшөп цехы, сүрлем шұңқырлары және қажетті қосалқы үй-жайлар салынды. Сауу жабдықтары Грециядан 2×18 параллель жүйесі “Milkplan S. A.” компаниясынан сатып алынды. 195 бас голштейн сиырларының алғашқы партиясы қазан айының соңында Даниядан әкелінді.Қажетті мөлшерде жем (пішен және сүрлем) дайындалды. Бізде ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 27 мың га, оның ішінде 18 мың га егіс алқабы бар. Жоба «Солтүстік» ӘКК арқылы қаржыландырылды. Жергілікті атқарушы органдар да айтарлықтай қолдау көрсетеді. 2026 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша ферманы сумен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыруды күтеміз», – деп түсіндірді Олег Григорьев.

Ауыл тұрғындары үшін сүт-тауар фермасында 25 жұмыс орны ашылды. Жобаның жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрады. Оның 800 млн теңгесі – «Солтүстік «ӘКК» АҚ арқылы кәсіпкерлер үшін тиімді шарттарда алынған мал мен жабдықтарды сатып алуға арналған қарыз қаражаты. Толық қуатқа шыққан кезде ферма 3000 тонна сүт өндіретін болады. Оны жергілікті сүт өңдеу зауыттарына сату жоспарлануда.

Биыл «Солтүстік» ӘКК « АҚ ферманы 800 басқа дейін кеңейтуге тағы 600 млн теңгеге қарыз мақұлдады. Бұл қаражатқа 400 басқа арналған екінші қора, қосымша сүрлем шұңқырлары салынады, жабдықтар мен 100-ге жуық Гольштейн тұқымының құнажын бастары сатып алынады. ЖШС өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасының паркін кеңейтеді. Ферманы кеңейту қосымша 15 жұмыс орнын ашады. екінші кезең 2026 жылдың маусым айында аяқталмақ.

«Агротехника-Жамбыл» ЖШС ауыл шаруашылығында үлкен тәжірибесі бар. Компания 2004 жылдан бастап өсімдік шаруашылығымен айналысады. 2015 жылдан бастап мал шаруашылығы дамуда. Атап айтқанда, ет бағыты – ангус тұқымының малы өсіріледі. Қазір сүт саласын игеруде. Компания жоба аймақ үшін табысты және пайдалы болатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл «Солтүстік»ӘКК АҚ қолдауымен салынып жатқан алғашқы сүт-тауар фермасы емес. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының агрожобаларды ӘКК арқылы жеңілдікпен кредиттеу бойынша тәжірибесі өткен жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде таралуда.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG