Тұрақтандыру қорының өнімдері бағасының мониторингі: “Северный”супермаркеті
“Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавлдың супермаркеттері мен дүкендерінде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда
Әр апта сайын бағаны бақылау 10-15 сауда нүктесінде жүзеге асырылады. Солардың бірі-Н. Назарбаев көшесіндегі “Северный” супермаркеті.
Мұнда тұрақтандыру қорынан қарақұмық жармасы, 1-ші сортты ұн, тұз, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, жұмыртқа, құс еті, сиыр еті сатылады.
Сіз “Северныйда” тұрақтандыру қорының өнімдерін ашық түсті баға белгілерімен таба аласыз. Сонымен қатар, оларда “ӘКК” немесе “Тұрақтандыру қоры”көрсетілген.
Өнімдер тізімін, ағымдағы бағалар мен сауда нүктелерінің мекен-жайларын әрқашан “Тұрақтандыру қоры”бөлімінен көруге болады. https://spksoltustik.kz/стабилизационный-фонд/