KZ/ RU/ ENG

СҚО делегациясы Қытай инвесторларымен стратегиялық келісімдерге қол жеткізді

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында бірқатар маңызды кездесулер мен келіссөздер өткізді.

Делегация құрамында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының инвестициялар тарту жөніндегі орынбасары Қайрат Сансызбаев және Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығының директоры Әділ Ілеусізов болды.

Іссапар аясында ақпараттық технологиялар, цифрлық шешімдер, электрондық коммерция және логистика салаларындағы жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Guolin Technology Group Co., Ltd. компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған құжат Солтүстік Қазақстан облысындағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №8 қосалқы аймағында («Қызылжар» әуежайы) логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және мультимодальды тасымалдарды ұйымдастыруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Сонымен қатар тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол жеткізді.

СҚО делегациясы Қытайдағы өсімдік майларын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі – Hopefull Grain & Oil Group компаниясының өкілдерімен де кездесті. Келіссөздер барысында Солтүстік Қазақстан облысында майлы және дәнді дақылдарды терең өңдейтін заманауи зауыт салу жобасының перспективалары қарастырылды.

Айта кету керек, Guolin Technology Group Co., Ltd. және Hopefull Grain & Oil Group компаниялары Қытайдың ең ірі 500 компаниясының қатарына кіреді. Бұл келіссөздер Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін арттыруға және өңір экономикасына жаңа серпін беруге мүмкіндік жасайды.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG