KZ/ RU/ ENG

Шал ақын ауданында сүт-тауар фермасы кеңейтілуде

Шал ақын ауданында «Солтүстік» ӘКК» АҚ қолдауымен «Zha-Group Ltd» ЖШС заманауи сүт-тауар фермасын кеңейтіп жатыр.

Агроқұрылым «Солтүстік» ӘКК арқылы ұсынылатын тиімді несие шарттарын алғаш рет пайдаланып отырған жоқ. 2021 жылы «Zha-Group Ltd» ЖШС сүт-тауар фермасына арналған жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алу үшін 400 млн теңге көлемінде қарыз алған болатын.

– Жобаны жүзеге асырып, 400 басқа арналған ферманы іске қостық, бүгінде ол табысты жұмыс істеп тұр. Голштин және симментал тұқымды ірі қара Чехиядан әкелінді. Бір жылдан кейін ферманы тағы 600 басқа кеңейту туралы шешім қабылдадық. Өз қаражатымыз есебінен қажетті ғимараттарды салып, қажетті жабдықтарды орнаттық. Енді тек мал сатып алу ғана қалды, – деді «Zha-Group Ltd» ЖШС қаржы директоры Жангелді Есілбаев.

2024 жылы агроқұрылым қайтадан несие қаражатына жүгінді. Оларға 500 бас ірі қара сатып алу үшін 800 млн теңге көлемінде несие мақұлданды. Сиырлар Даниядан жеткізуге келісімшартпен сатып алынды. Шаруашылық сүт өндірісіне маманданғандықтан, өнімділігі жоғары голштин тұқымын таңдады. Өндірілген өнім Ақмола облысындағы «Milk Project» сүт өңдеу кәсіпорнына жеткізіледі.

– Карантин мен мал экспортының жабылуына байланысты әзірге 135 бастан тұратын алғашқы партияны ғана әкеле алдық. Даниямен жасалған келісімшарт әлі де күшінде, малды күтіп отырмыз. Әзірше сүт өндірісін арттыру және ферманың жүктемесін көбейту мақсатында Калининградтан 65 бас сатып алдық. Қазіргі таңда тәулігіне 6,5–7 тонна сүт өндіреміз, – деді Ж. Есілбаев.

Қазір фермада шамамен 400 бас ірі қара бар, оның 220-сы сауын сиырлар. Ферманың жалпы қуаттылығы – 1000 бас сауын мал. Қосымша бұзау қоралары да салынды.

Бүгінде фермада 25 адам еңбек етеді. Кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары үшін тағы 15 жаңа жұмыс орны ашылады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG