Тұрақтандыру қорынан өткізілетін өнімдер бағасына мониторинг: М. Жұмабаев көшесіндегі «Семейный» супермаркеті
«Солтүстік» ӘКК» АҚ қызметкерлері Петропавл қаласындағы супермаркеттер мен дүкендерде тұрақтандыру қорынан өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Апта сайын 10–15 сауда нүктесінде бағаға бақылау жүргізіледі.
Өнімдердің тізімін, өзекті бағаларды және сауда нүктелерінің мекенжайларын «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның сайтындағы «Тұрақтандыру қоры» бөлімінен әрдайым көруге болады.