KZ/ RU/ ENG

Сатып алу

Құрметті әлеуетті жеткізушілер!

 

“Солтүстік “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ өзін барлық әлеуетті өнім берушілерге компания жүргізетін сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беретін ашық және айқын Компания ретінде көрсетеді.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап “Солтүстік ” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы 2021 жылғы 8 маусымдағы №47-VII ҚРЗ “Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

“Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы” Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ Заңы.

 Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1253 бұйрығы».

“Солтүстік” ӘКК АҚ сатып алуларына қатысты барлық қажетті ақпарат (жылдық сатып алу жоспары, сатып алуды өткізу туралы хабарландырулар, жасалған шарттар бойынша мәліметтер және т. б.) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған www.goszakup.gov.kz

 

Сатып алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады:
“Солтүстік” ӘКК АҚ сатып алу қызметі
Сатып алу жөніндегі бас маман Қонаев Руслан Амантайұлы,
тел. 8(7152) 500 833

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG