Жаңа түсімнің көкөністерін тұрақтандыру қоры жүзеге асыруда
Тұрақтандыру қоры үшін “Солтүстік” ӘКК жаңа түсімнен картоп, пияз және сәбіз сатып алды.
Қоймаларға жаңа піскен көкөністердің алғашқы партиясы келді. Оның ішінде үш тонна пияз бен сәбіз, бес тонна картоп.
Жергілікті кәсіпкерлер қазір көкөністерді оңтүстік аймақтардан тұрақтандыру қорының сауда нүктелері мен серіктес дүкендерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін алып келеді. Солтүстік қазақстандықтар жаңа өнімдерді қолайлы бағамен сатып ала алады. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінде сәбіз килограмына 170 теңгеден, пияз – 110 теңгеден, картоп – 160 теңгеден сатылады.
Тұрақтандыру қорын жергілікті кәсіпкер Евгений Золотарев жасаң қырыққабатпен қамтамасыз етті. Ол өз егістіктерінде өсірілген үш тонна қырыққабат әкелді. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінде бір килограмның бағасы-85 теңге.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорын қалыптастырумен “Солтүстік” ӘКК” АҚ айналысады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тағамның 14-і сатып алынады. Өнімді жергілікті тауар өндірушілерден қарыз, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу арқылы сатып алады.