KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК Қазақстан фермерлерімен инвестициялық жобаларды несиелеу тәжірибесімен бөлісті

“Солтүстік” ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеу тәжірибесімен бөлісіп, еліміздің барлық өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік семинарға келген сала өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ж. Есдәулетов қаржыландыру тетігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, үміткерлерді іріктеу үш кезеңнен тұрады. Шешім қабылдау кезінде нарықтағы агроқұрылымдардың тәжірибесі мен тұрақтылығы маңызды. Содан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – ауыл шаруашылығы басқармасы-қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлейді, тиісті сараптамалар алады. Содан кейін барлық құжаттар пакеті ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберіледі. Республикалық бюджет комиссиясында келісілгеннен кейін қаражат әкімдіктің шоттарына нысаналы трансферттер түрінде аударылады. Содан кейін әкімдіктің жарғылық капиталды ұлғайту туралы қаулысы қабылданады және жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып ӘКК Директорлар кеңесінің отырысы өткізіледі. Семинарға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов ӘКК арқылы жеңілдетілген кредит беру тетігі қаражаттың уақтылы қайтарылуын және жоба бастамашылары үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Ол екі жыл ішінде республикалық бюджеттен “Солтүстік” ӘКК жарғылық капиталын ұлғайтуға 35 млрд теңге бөлінгенін айтты. Пилоттық жобаны іске асырудың арқасында жалпы инвестиция көлемі 109 млрд теңгеден асатын және жеті бағыт бойынша 1400 жұмыс орнын құратын 35 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде жалпы саны 13,2 мың бас және қосымша өндірісі 66 мың тоннадан асатын 21 сүт-тауар фермасы. Биыл өңір осы мақсатқа 17 млрд теңге алды. Сүт фермаларын құру бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған шаруашылықтардың алдын ала тізімі жасалды. “Солтүстік” ӘКК жобаларды қаржыландыру үшін құжаттарды қабылдайды. Шарттармен және қажетті құжаттар тізімімен ӘКК сайтында https://spk-soltustik.kz/ао-спк-солтүстік-информирует-субъ/  танысуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыру бойынша оң тәжірибесін Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында атап өтті.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG