KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ халықаралық форумда АӨК жобаларын қаржыландыру тәжірибесімен бөлісті

Солтүстік Қазақстан облысында 30 маусым-1 шілде аралығында “Pro Молоко. Тренды ‘ 23 ” екінші халықаралық форумы және “QazaqSut” сүтті мал шаруашылығы” бірінші көрмесі өтті. “Солтүстік “ӘКК” АҚ кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов іс-шараға қатысушылармен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру бойынша өңірдің тәжірибесімен бөлісті.

Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылған ӘКК арқылы қарыздар беру жөніндегі пилоттық жоба биылдан бастап елдің басқа өңірлері бойынша масштабталады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов форумның ашылуында осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 11 облыс үшін 100 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Оның ішінде 17 млрд теңге – СҚО үшін.

О. Сағандықов WorkShop форумында ұйымдастырылған “ХТФ құрылысы мен дамуына арналған қаржы құралдары” шеңберінде кредиттік процесті ұйымдастыру және жобаларды конкурстық іріктеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бірінші кезеңде ӘКК сайтында қарыздар беру туралы ақпарат орналастырылады. Хабарландыруда ұсыну шарттары, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары, қажетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

Үшінші кезең-ұсынылған құжаттар топтамасына оның толықтығы және қарыз алуға үміткердің біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу.  Содан кейін қарыз алуға үміткердің қаржылық тұрақтылығына талдау және ұсынылған құжаттар топтамасын заңдық зерттеу, ӘКК басқармасының құжаттарды қарауы жүргізіледі. Оң шешім қабылданған жағдайда Корпорация мен қарыз алушы кепіл және Қарыз шарттарын жасасады. Соңғы кезең-қарыз алушының барлық міндеттемелерін орындауға дейінгі қарызды сүйемелдеу және мониторингілеу.

«Қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін қарыз алушының оны уақтылы және толық көлемде қайтару және сыйақы төлеу қабілетіне бағалау жүргізіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті ақша ағынын қамтамасыз етудің ағымдағы қабілетіне, меншікті капиталдың жеткіліктілігіне және оны жобада пайдалану мүмкіндігіне, қарыз алушының бизнес нарығының жай-күйіне және оның саласын дамыту перспективасына, өтімді кепіл мүлкінің не қаржы құралдарының болуына талдау жүргізіледі. Қарыз алушының міндеттемелерін уақтылы және толық орындауын қамтамасыз ету қарыз берудің міндетті шарты болып табылады”, – деп түсіндірді О. Сағандықов.

Ол конкурсқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне біліктілік талаптары қойылатынын айтты. Оның ішінде жұмыс тәжірибесінің болуы, банк алдында, міндетті жарналар мен салық аударымдары бойынша берешектің болмауы, қаржылық тұрақтылық және тағы басқалар.

Ірі жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру бойынша пилоттық жоба шеңберінде барлығы

Агроөнеркәсіптік кешенде республикалық бюджеттен өңірге 35 млрд теңге бөлінді, 35-і қаржыландырылды . Оның ішінде қуаттылығы жылына 66 мың тоннадан асатын 21 сүт-тауар фермасы бар. 43 млрд теңге инвестиция тартылды, 1 050 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Биыл облыс бойынша 17 сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Олардың тоғызы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG