KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік “ӘКК” жұмыртқа жеткізуге құс фабрикасымен қосымша шарт жасасты

Бағаны тұрақтандыру үшін 1-санаттағы жұмыртқа –әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің санатына кіреді, 2022 жылы “Солтүстік “ӘКК” АҚ жергілікті құс фабрикасына “Якорь ПТФ” ЖШС-не тиімді шарттармен қарыз берді.

Құс фабрикасы ондық үшін  380 теңге бағамен арзандатылған жұмыртқаны жеткізеді. Сауда желілерінде өнім ондық үшін 400 теңгеден сатылады.  Жұмыртқаларды осы бағамен тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінен және Петропавлдағы ірі супермаркеттерден сатып алуға болады. Барлығы құс фабрикасы айына 900 мың дана жұмыртқа жеткізеді.

Биыл “Солтүстік” ӘКК ” АҚ “Якорь ПТФ” ЖШС-мен арзандатылған бағамен жұмыртқа жеткізуге 100 млн теңгеге қосымша шарт жасасты.

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ сайтында тұрақтандыру қоры өнімдерінің өзекті бағаларын және оны сатып алуға болатын сауда нүктелерінің тізімін көруге болады https://spk-soltustik.kz/стабилизационный-фонд/

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG