KZ/ RU/ ENG

М. Жұмабаев ауданында мегаферма іске қосылды

М. Жұмабаев ауданында «СК Агро 2050» ЖШС 12 мың бас малға арналған сүт-тауарлы ферманы пайдалануға берді.

Бұл — «Солтүстік» ӘКК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылған агроқұрылымның ауқымды жобасының алғашқы кезеңі.

Заманауи мал шаруашылығы кешені Германияның «GEA Westfalia» брендіне тиесілі, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі саналатын, бір мезетте 100 басқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін «карусель» үлгісіндегі сауу қондырғысымен жабдықталған.

Нысанды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аралап көрді. Ол жоғары технологиялық сүт кешендерін дамыту Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде өңірдің заманауи сүт-тауарлы фермалар салу бағытындағы оң тәжірибесі еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен енгізіліп, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың табысты үлгілерінің біріне айналды.

— Қазіргі уақытта облыстағы 118 сүт-тауарлы ферманың 50-ден астамы «ақылды» кәсіпорындар форматында жұмыс істейді. Жалпы, өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 144,5 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, — деді өңір басшысы.

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG