Әлеуметтік тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасына мониторинг: «Семейный» супермаркеті
«Солтүстік» ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавл қаласындағы супермаркеттер мен дүкендерде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Апта сайын 10-15 сауда нүктесінде баға бақылауы жүзеге асырылады. Солардың бірі — Н.Назарбаев көшесіндегі «Семейный» супермаркеті.
«Семейный» супермаркетінде тұрақтандыру қорының өнімдерін ашық түсті баға белгілері арқылы табуға болады. Сонымен қатар, онда «ӘКК» немесе «Тұрақтандыру қоры» деген жазу көрсетіледі.
Өнімдер тізімі, өзекті бағалар және сауда нүктелерінің мекенжайларын «Солтүстік» ӘКК АҚ-ның сайтындағы «Тұрақтандыру қоры» бөлімінен көруге болады: https://spksoltustik.kz/стабилизационный-фонд/