12.09.2023 жылғы хабарландыру
бос лауазымның бар екендігі туралы
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) Ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымының бар екендігі туралы хабарлайды.
Аталған лауазым Қоғамның Жарғысында және ұйымдастырушылық құрылымында көзделген.
Қоғамның Жарғысына, ішкі нормативтік құжаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Ішкі аудит қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді.
Ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау тек Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген лауазымға қызығушылық танытқан тұлғалар өз өтініштерін (түйіндеме, біліктілігі туралы мәліметтер) Қоғамның Директорлар кеңесінің атына, Қоғам Басқарма Төрағасына немесе Қоғамның корпоративтік хатшысына келесі байланыс деректері бойынша жолдай алады:
Телефон: 8 (7152) 500-831
E-mail: spk.sko@mail.ru
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:
8 (7152) 500-830, 8 (7152) 500-833, 8 (7152) 500-831.