KZ/ RU/ ENG

Көкөніс қоймасы, жарма зауыты және саңырауқұлақ фермасы: инвестициялық жобаларды “Солтүстік”ӘКК АҚ қаржыландырды

“Солтүстік” ӘКК АҚ Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды жобаларды іске асыруға қарыз беруді мақұлдады. Олардың ішінде жарма зауыты, саңырауқұлақ фермасы, көкөніс қоймасы, асыл тұқымды қой өсіру бар.

Ең ірі жоба – Петропавлда “EcoGlade” ЖШС саңырауқұлақ фермасының құрылысы. Оның құны 4,9 млрд теңге, оның 3,5 млрд теңгесі – “Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы қарыз қаражаты. Саңырауқұлақтар мен саңырауқұлақ өнімдерін өндіру және өңдеу жөніндегі кешеннің қуаттылығы жылына 1,2 мың тонна саңырауқұлақты құрайды, бұл Қазақстан нарығы көлемінің төрттен бірін құрайды.

“AGRO GRAIN SK” ЖШС Петропавлда қуаттылығы сағатына 800 кг дейінгі дәнді және дәнді-бұршақты ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін кәсіпорын салады. Жармацехы жасымық, жүгері, бұршақ, арпа және бидай жармаларын шығарады. Инвестор жергілікті өндірісті жылына 2,9 мың тоннаға ұлғайту есебінен өңірдің жармаға деген ішкі қажеттілігін қанағаттандыруға ниетті. “Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы қарыз 64 млн теңгені құрады.

“AMANAT” ШҚ Тайынша ауданында Еділбаев тұқымды асыл тұқымды қой өсіретін болады. Бес мың бас мал мен қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен жемшөп дайындау жабдығын сатып алуға компания 500 млн теңге мөлшерінде жеңілдікті шарттармен қарыз алады. Жем-шөп дайындау және мал жаю үшін шаруашылықта жер бар. Өндіріс өнімі асыл тұқымды мал басы мен қой еті болады. Фермерлер жобаны іске асыру жылына 5-тен 36 тоннаға дейін ет өндіруге мүмкіндік береді деп есептейді.

Біржолғы сақтау көлемі 4,5 мың тонна көкөніс қоймасын салу жобасын Қызылжар ауданында “Агрос” шаруа қожалығы жүзеге асыруда.  “Солтүстік” ӘКК АҚ 300 млн теңге көлемінде қарызды мақұлдады. Қаражат көкөніс қоймасын салуға және қажетті технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсалады. Жобаны іске асыру өңірде ұзақ мерзімді сақтау алаңдарымен қамтамасыз етуді 12,7% – ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

“Солтүстік” ӘКК Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов барлық инвестициялық жобалар үшін қарыз беру шарттары бірдей екенін айтты.

Қаржы-экономикалық негіздемеде көзделген қарыздарды беру шарттары: негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңі 24 ай болатын жылдық 4% ставка бойынша 8 жыл мерзімге.

Кредиттік процесті және жобаларды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру бірнеше кезеңнен өтеді. Қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін қарыз алушының оны уақтылы және толық көлемде қайтару және сыйақы төлеу қабілеті бағаланады. Қарыз алушының міндеттемелерді уақтылы және толық орындауын қамтамасыз ету қарыз берудің міндетті шарты болып табылады. Конкурсқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне біліктілік талаптары қойылады, – деді О. Сағандықов.

Бұған дейін “Солтүстік” ӘКК АҚ өңірдегі алғашқы инновациялық жылыжай кешенін салу бойынша “Зеленый Север” ЖШС жобасын қаржыландырған болатын.  https://spk-soltustik.kz/проект-строительства-первой-в-ско-инн/

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG