KZ/ RU/ ENG

«Агробизнес – мал шаруашылығы» бағдарламасы бойынша алғашқы мал басы СҚО-ға жеткізілді

Солтүстік Қазақстан облысына «Агробизнес – мал шаруашылығы» бағдарламасының «Береке» бағыты бойынша сатып алынған малдың алғашқы партиясы жеткізілді.

«СК-Агро» агроқұрылымына 660 бас ірі қара мал сатып алуға 1,4 млрд теңге көлемінде несие берілді. Алғашқы 165 бас голштин тұқымды сиыр Германиядан жеткізілді. Қалған мал басы өңірге қазан айының соңына дейін жеткізіледі.

Еске сала кетейік, шілде айында «Агробизнес – мал шаруашылығы» бағдарламасының «Ігілік» және «Береке» бағыттарын іске асыру аясында «Солтүстік» ӘКК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арасында несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қарыз сомасының 85%-ына дейінгі мөлшерде кепілдігін тарту мүмкіндігі қарастырылған.

Импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыру үшін өңірге 15 млрд теңге бөлінді.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG