KZ/ RU/ ENG

СҚО-да Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының алғашқы жобалары мақұлданды

«Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдаулетов пен Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Сагандықов 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жеңілдетілген несиелендіру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі мәселесі — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің асыл тұқымды мал басын сатып алу және өңірдегі мал шаруашылығы кәсіпорындарын одан әрі дамытуға бағытталған жобалары болды.

Айта кетейік, шілде айында «Агробизнес – мал шаруашылығы» бағдарламасын «Игілік» және «Береке» бағыттары бойынша іске асыру аясында «Солтүстік» ӘКК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арасында кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Өңірге импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлінді. Қаражат келіп түсті, жобаларды қаржыландыру бойынша практикалық жұмыстар басталды.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдаулетов ұсынылған жобалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың негізгі көрсеткіштерін таныстырды.

Агроқұрылымдардың өтінімдерін қарау кезінде шаруашылықтардың қаржылық тұрақтылығына, қажетті инфрақұрылымның, қора-жайлардың, жайылымдық және шабындық алқаптардың болуына, жемшөп базасымен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ сатып алынатын мал басын қабылдауға дайындығына ерекше назар аударылады.

Комиссияның алғашқы отырысының қорытындысы бойынша «Азия Тарангул» ЖШС, «Таманское» ЖШС, «Қызылжар Сүт» ЖШС, «Айтеке Би-СК» ЖШС және «Буденное-СК» ЖШС жобалары қолдау тапты.

Комиссияның жұмысы дайындалған жобалар келіп түсуіне қарай жалғасын табады.

Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытудағы жаңа кезеңге айналуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Солтүстік» ӘКК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы мен «North Grain» ЖШС арасында «Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында агроөнеркәсіптік кластер құру» инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Жоба ірі қара малды бордақылау және қайта өңдеуді, өнеркәсіптік қой шаруашылығын және сүт өндірісін біріктіретін заманауи агроөнеркәсіптік кластер құруды көздейді.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG