KZ/ RU/ ENG

СҚО-да «Агробизнес мал шаруашылығы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

«Солтүстік» ӘКК» АҚ «Агробизнес мал шаруашылығы» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында алғашқы несиені берді.

«Игілік» бағыты бойынша сүт бағытындағы голштин-фриз тұқымды асыл тұқымды мал сатып алуға «Қызылжар Сүт» ЖШС несие алды. Аграрлық кәсіпорын 165 бас қашар сатып алуды жоспарлап отыр. Қыркүйек айында компания өкілдері малды іріктеу үшін Германияға барады.

«Игілік» бағыты бойынша 339,4 млн теңге көлеміндегі несие жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге берілді. Жобаны іске асыру барысында «Қызылжар Сүт» ЖШС «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынған несие сомасының 85 пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік кепілдікті пайдаланды.

Еске сала кетейік, шілде айында «Солтүстік» ӘКК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арасында «Агробизнес мал шаруашылығы» бағдарламасын іске асыру аясында «Игілік» және «Береке» бағыттары бойынша кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойылған болатын. Өңірге импорттық асыл тұқымды мал сатып алуды қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлінді.

Тамыз айында 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша бес жоба мақұлданды. Олардың қатарында «Қызылжар Сүт» ЖШС-нің жобасы да бар.

«Қызылжар Сүт» ЖШС мал шаруашылығымен 2018 жылдан бері айналысады. 2020 жылы агроқұрылым заманауи цифрлық сүт фермасын іске қосты.

Компания 2024 жылы сиырлардың өнімділігі бойынша Қазақстанның сүт өндіретін үздік 10 компаниясының қатарына енді. Бір азықтық сиырға шаққандағы сүт сауымы 9 мың килограмнан асты.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG