«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда
«Солтүстік» ӘКК қызметкерлері «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысқысы келетін өңір тұрғындарына күнделікті кеңес беруде.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жергілікті жерлерде тұрақты экономиканы дамыту.
Бағдарлама келесі азаматтарға бағытталған:
- ауыл тұрғындары мен шағын қалалардың кәсіпкерлеріне;
- жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген фермерлерге;
- ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтеріне.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несие:
- ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бизнес үшін – 5 жылға дейін;
- ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары үшін – 7 жылға дейін беріледі.
Несие сомасы:
- 2500 АЕК-ке дейін – стандартты жобалар үшін;
- 8000 АЕК-ке дейін – қайта өңдеу, кооперативтер және қайта қаржыландыру жобалары үшін.
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысуға барлық өтінімдер электронды түрде бағдарламаның ресми сайты арқылы қабылданады: https://amanatnesie.kz
Қосымша кеңес алу үшін Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 69 мекенжайына (шағын және орта бизнесті мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімі) немесе +7 (7152) 50 27 16 телефонына хабарласуға болады.