KZ/ RU/ ENG

Қызылжар және Есіл аудандарында жұмыс істейтін әскери қызметшілер мен құтқарушыларды “Солтүстік” ӘКК азық- түлікпен қамтамасыз етті

Барлық азық- түлік еліміздің әр өңірінен келген және солтүстік қазақстандықтарға бөгеттерді нығайтуға, халықты эвакуациялауға және басқа да су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесетін әскери қызметшілер мен құтқарушыларға арналған.

Қызылжар ауданында қазір күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасуда. Мұнда “Солтүстік” ӘКК 2.7 мың литр бөтелкедегі ауыз су әкелді.Ол тікелей жұмыс орындарына жеткізіледі.

Бұған дейін “Солтүстік” ӘКК Прибрежное ауылында қорғаныс бөгетін нығайтуға көмектескен 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне ыстық тамақ ұйымдастырған болатын.

»Солтүстік» ӘКК су тасқынына қарсы іс-шараларда жұмыс істейтін сарбаздар үшін тамақ ұйымдастырды

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG