KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК арқылы қаржыландырылған ферма СҚО-да табысты жұмыс істеуде

“Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы қаржыландырылған “Гердт” шаруа қожалығы сүт-тауар фермасын салу жобасын іске асырды.

Агроқұрылым 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Шаруашылықта мал шаруашылығымен 2017 жылдан бастап айналысады. Олар 100 бас малдан жұмысын бастаған. Тиімді қарыз алумен шаруа қожалығы салынып, мал басы ұлғайтылды, ауыл тұрғындары жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

400 басқа арналған қазіргі заманғы сүт-тауар фермасы Аққайың ауданы Власовка ауылында орналасқан. Мұнда 30-дан астам адам жұмыс істейді.

“Солтүстік” ӘКК арқылы алынған қаражаттың бірінші траншы аясында 400 орындық ферма салынып, 192 бас симментал тұқымды мал сатып алынды.  Бүгін Чехиядан малдың екінші партиясы келді, сонымен қатар 192 бас симменталь және монбельярд тұқымдары. Біз бұзау мен перзентхананың құрылысын аяқтаймыз. Әрқайсысын 100 басқа дейін орналастыруға болады, – деді ШҚ басшысы Владимир Гердт.

Күніне бір сиыр 22-23 литр сүт береді. Өткен жылы мың тоннадан астам сүт алынды. Биылғы жылы мал басының өсуімен екі мың тоннаға шығады деп күтілуде. Сүтті “Eurasian Milk”компаниясы жеткізеді.

– “Солтүстік” ӘКК АҚ-мен жұмыс істеу ыңғайлы. Дұрыс тәсіл, қарыз алудың барлық кезеңдерінде көмек көрсету. Жылдық 2,5% – бұл бөліп төлеуге тең, тиімді. Мен өте қуаныштымын, әрі қарай ынтымақтасатын боламыз, – деді В. Гердт.

Барлығы “Солтүстік” ӘКК АҚ агрожобаларды жеңілдікпен кредиттеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау жөніндегі үлкен жоба шеңберінде 15 сүт-тауар фермасын салуға қарыз беруді қарады және мақұлдады.

Қарыз 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% – бен беріледі. Жеңілдік кезеңі қаржыландыру сәтінен бастап екі жылға дейін.

Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларын салуға барлығы 17 млрд теңге бөлінді. 18 жобаны іске асыру жоспарлануда.  Қаржыландыру “Солтүстік” ӘКК ” АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG