«Солтүстік» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесі жаңартылған құрамдағы алғашқы отырысын өткізді.
Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы мен мүшелерін «Солтүстік» ӘКК қызметіне жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды. Ол корпорацияның атқарып отырған жұмысына оң баға беріп, Директорлар кеңесінің жаңа құрамына жемісті әрі тиімді жұмыс тіледі.
Алғашқы отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Директорлар кеңесі «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның 2025 жылғы жеке жылдық қаржылық есептілігін қарады. Сонымен қатар жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу мәселесі, корпорацияның даму жоспарының орындалуы туралы есеп және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Муниципалдық телерадиоканалы» еншілес ЖШС-нің 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі қаралды.
«Солтүстік» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы ақпарат пен қоғамның қызметі туралы есеп корпорацияның ресми сайтында орналастырылған: https://spk-soltustik.kz/