«Солтүстік» ӘКК «Дала дәмі» атты ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысуда
«Солтүстік» ӘКК Петропавл қаласында өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне тұрақтандыру қорындағы өнімдерді ұсынды.
Жыл сайынғы күзгі жәрмеңке Жұмабаев көшесінде өтуде. Оған облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласының тауар өндірушілері қатысуда.
Қала тұрғындары жаңа әрі сапалы өнімдерді өндірушілердің өзінен нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмаганбетов пен қала әкімі Серик Мухамедиев қатысты.