KZ/ RU/ ENG

Тарихы бар ферма: «Нежинка-Ерке» ЖШС даму қарқынын арттыруда

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар «Нежинка-Ерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығын жүйелі түрде дамытып келеді. Шамамен 30 жылдық тарихы бар кәсіпорын бүгінде сүт өндірісін арттыруға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Ферма тарихы өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында қара-ала тұқымды алғашқы сиырларды әкелуден басталған. Содан бері кәсіпорын үздіксіз дамып, заманауи технологияларды енгізу арқылы өндіріс көлемін арттырып келеді.

Қазіргі таңда шаруашылықта 1800 бас ірі қара мал бар. Жақында тауарлы-сүт фермасы 432 басқа кеңейтілді. Бұл жоба «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қолдауымен іске асырылды.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, негізгі басымдық – өз төлінен өсірілген сапалы мал санын арттыру. Осы мақсатта фермада генетикалық жұмыстар жүргізіліп, қолдан ұрықтандыру әдісі кеңінен енгізілген. Нәтижесінде бұрынғы қара-ала тұқым біртіндеп голштиндендіріліп, сүт өнімділігі айтарлықтай жақсарған. Бүгінде сауын табындағы 570 сиырдың әрқайсысы тәулігіне орта есеппен 24–25 литр сүт береді.

Шаруашылықтың 24 мың гектардан астам егістік алқабы малды толықтай өз жем-шөбімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоғары ақуызды рапс шроты қосымша азық ретінде пайдаланылады. Өндірілген сүт тұрақты түрде өңдеуге жіберіліп, кәсіпорын көп жылдан бері «Маслодел» ЖШС-мен әріптестік орнатқан.

Ферманы кеңейту мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. 2023 жылы кәсіпорын «Солтүстік» ӘКК» АҚ арқылы 800 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, заманауи құрылыс материалдары мен еуропалық жабдықтарды сатып алған. Атап айтқанда, израильдік Afimilk сауу залы орнатылып, бір мезетте 36 сиырды сауу мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар су мұнарасы салынып, фермаға жылу жүйесі тартылған. Жобаның жалпы құны шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды.

Бүгінде кәсіпорында 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың барлығы – Нежинка ауылының тұрғындары. Бұл – ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

«Нежинка-Ерке» ЖШС тек өндірістік көрсеткіштермен ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігімен де ерекшеленеді. Кәсіпорын ауылдағы мектеп, балабақша, спорт кешені, мәдениет үйі мен кітапхананың жұмысына қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар 60 пәтерлік екі тұрғын үйді қайта жаңғыртып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосқан.

Бүгінде «Нежинка-Ерке» ЖШС – ауыл экономикасының тірегі, өңірдегі аграрлық саланың дамуына серпін беріп отырған іргелі кәсіпорындардың бірі.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG