KZ/ RU/ ENG

«Солтүстік» ӘКК Инвесторларға қызмет көрсету орталығы North Grain компаниясымен меморандумға қол қойды

Петропавл қаласында өткен «Qyzyljar Investment Forum — 2026» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Солтүстік» ӘКК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы «North Grain» ЖШС-мен «Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында агроөнеркәсіптік кластер құру» инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жоба аясында ірі қара малды бордақылау және қайта өңдеуді, өнеркәсіптік қой шаруашылығын және сүт өндірісін біріктіретін заманауи агроөнеркәсіптік кластер құру көзделген.

Жоба бойынша: 20 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын; ет өңдеу кешенін; 20 мың басқа арналған қой шаруашылығы кешенін; 1 200 басқа арналған сүт-тауарлы ферманы салу жоспарлануда.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 64 млрд теңгені құрайды.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы жобаны «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеуді жалғастырады. Инвесторға жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қажетті ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткен болатын.

Кеңесте саланың инвестициялық жобалары негізгі талқылау тақырыбына айналды. Олардың қатарында жергілікті «North Grain» ЖШС-нің өңірде заманауи жоғары технологиялық ет өндірісін құру жөніндегі бастамасы да бар.

Компания ауқымды жобаны практикалық іске асыруды 2027 жылы бастауды жоспарлап отыр.

Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мал шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі: СҚО-да 48 млрд теңгеден астам қаржыға ет кластері құрылады

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG