KZ/ RU/ ENG

«Таза мәміле» — «Солтүстік» ӘКК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі арттырылуда

«Солтүстік» ӘКК» АҚ Комплаенс қызметі кредит менеджерлері мен заңгерлерге арналған «Таза мәміле» командалық ойынын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — практикалық форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, командалық өзара іс-қимыл сапасын арттыру және қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан сергіп, жағымды ортада жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Кредиттік бөлімдердің қызметкерлері жеке және заңды тұлғалармен тікелей жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу оларға ойланбай әрекет етпеуге және ақша түріндегі заңсыз сыйақы ұсынылған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ойын түріндегі тренинг қызметкерлерге бейресми жағдайда күнделікті жұмыста аса маңызды дағдыларды — командалық өзара түсіністікті, шешім қабылдауды және жауапкершілікті — тәжірибе жүзінде пысықтауға мүмкіндік берді.

Кредит менеджерлері мен заңгерлер үшін бұл іс-шара практикалық жағдайлар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қағидаларын тереңірек түсінуге, ықтимал тәуекелді жағдайларды дер кезінде анықтауға және тиісті әрекет ету жолын таңдауға мүмкіндік берді.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт 2021 жылдан бері қолданылады. Аталған құжат акционерлік қоғамның қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Таза мәміле — әр қызметкердің жеке жауапкершілігінен басталады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG