KZ/ RU/ ENG

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Солтүстік» ӘКК 141 жобаны қаржыландырды.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының сенім білдірілген агенті болып табылады.

2025 жылдың қазан айында бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Осыдан кейін «Солтүстік» ӘКК өтінімдерді қабылдауды бірден бастады.

Жалпы өңір тұрғындарынан жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асатын 240-тан астам өтінім қабылданып, өңделді.

Нәтижесінде комиссия жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 141 өтінімді мақұлдады. Олардың қатарында мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, туризм, балық өнімдерін қайта өңдеу, омарташылық салаларындағы жобалар, сондай-ақ жиһаз өндіруге арналған жабдықтарды, автожуу орнын, шаштараз салонын және техникалық қызмет көрсету станциясын сатып алуға бағытталған жобалар бар.

Бағдарламаға облыстың барлық аудандарының тұрғындары қатысты. Мақұлданған жобалар саны бойынша Қызылжар, Тайынша және Айыртау аудандары көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредиттің ең жоғары сомасы 2 500 АЕК-ті (10,8 млн теңге) құрайды. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жобалары үшін бұл сома 8 000 АЕК-ке (34,6 млн теңге) дейін жетеді.

Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бизнес түрлері үшін микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, ал ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі микрокредит беру мерзімінің 12 айынан аспайды.

Жаңа қағидаларға сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді кейіннен жалға беру мақсатында сатып алуға немесе салуға, жеңіл автокөлік алуға, жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда қызметіне қарыз беруге тыйым салынады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG