KZ/ RU/ ENG

«Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарына қолжетімді қаржы

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысына шамамен 3,7 млрд теңге бөлінді.

Бағдарламаның сенім білдірілген агенті – «Солтүстік» ӘКК» АҚ.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысу бойынша кеңесті Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 69 мекенжайындағы (шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімі) кеңседен немесе +7 (7152) 50 27 16 телефоны арқылы алуға болады.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың арқасында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары өз кәсіптерін ашуға және кеңейтуге қосымша мүмкіндіктерге ие болды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жергілікті жерлерде тұрақты экономиканы дамыту.

Бағдарлама кімдерге арналған

Бағдарлама:

– ауыл тұрғындары мен шағын қала кәсіпкерлеріне;

– ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген фермерлерге;

– ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтеріне арналған.

Бағдарламаның негізгі шарттары

Мерзімі:

Сомасы:

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%-дан аспайды.

Жеңілдік кезеңі: негізгі қарызды өтеусіз 12 айға дейін.

Қайта несиелендіру: міндеттемелерді табысты орындаған жағдайда екі ретке дейін мүмкін.

Міндетті шарт: кепілзаттың болуы.

МАҢЫЗДЫ: жобалар нақты ауылдық округтердің басым бағыттарын ескере отырып қаралады, бұл олардың мақұлдану мүмкіндігін арттырады.

Өтінімді қалай беруге болады

«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру тәртібі бұрынғыдан да жеңілдетілді. Барлық өтінімдер https://amanatnesie.kz ресми сайты арқылы электрондық форматта қабылданады.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысу – өз кәсібіңізді бастауға, техниканы жаңартуға, кооперативке бірігуге және туған ауылыңызда қалып, табысыңызды арттыруға мүмкіндік.

Мемлекет барлық қажетті жағдайды жасап отыр, ендігі кезек – ауыл тұрғындарының бастамашылдығында.

Заявление и анкета на кредит         Инструкция_Участника          Перечень документов

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG