На главную страницу СПК «Солтүстік»

 Ru  Kz   En

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік»


Растениеводство Хранение Животноводство Разработка недр Строительство








Курсы валют













Locations of visitors to this page





Besucherzahler
счетчик посещений


Яндекс.Метрика


Google+

Экономика
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің өндірісімен 743 кәсіпорын мен өндіріс айналысуда.
2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен қолданыстағы бағаларда 57, 2 млрд. теңгеге өнім шығарды (оның ішінде шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығының секторын қоса алғанда).
Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 71, 2% алады, 40, 7 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Азық-түлік өнімінің өндірісі өңдеу өнеркәсібі көлемінен 59, 8% құрайды. Бұл салада 24, 3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өсімі 1, 2%. Күнбағыс майының өндірісі 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6, 7 мәртеге ұлғайды, жаңа сойылған, суытылған және мұздалған үй құсы етінің көлемі — 2, 1 мәртеге өсті.
Егін шаруашылығы.
Ауыл шаруашылық жерлерінің аумағы 6, 5 млн. га, оның ішінде егістіктер — 4, 5 млн. га құрайды. Еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жалпы көлемінде облыстың үлестік салмағы 15% жуығын құрайды. Облыс экономикасының құрылымында аграрлық сектордың үлесіне дәстүрлі түрде жалпы өңірлік өнімнің 30% жуығы келеді.
Республикадағы ауыл шаруашылық жерінің 4% ала отырып, облыс жыл сайын астық өндірісінің жалпы республикалық көлемінен төртінші бөлігінен астамын өндіреді.
Астықтың жалпы өндірісі бастапқы салмақта 2005 жылы 3970 мың тонна, 2006 жылы – 5197 мың тонна, 2007 жылы — 5678 мың тонна, 2008 жылы – 5018 мың тонна, 2009 жылы – 6416 мың тонна құрады.
Мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығының өнімі негізінен тұрғындардың үй шаруашылығында өндіріледі: 89% ет, 94% сүт және 53% жұмыртқа.
2010 жылғы 01.01. ІҚМ басының саны 359, 5 мың басты немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 102, 2% құрады, оның ішінде 178, 2 мың сиыр (102, 3%), шошқа – 262 (105, 8%), қой және ешкі – 260, 9 (105, 9%), жылқы – 92, 1 мың бас (103, 7%), құс – 3055, 4 мың бас (112, 8%). Облыс шаруашылығының барлық санатында тірі салмағы 96, 2 мың тонна ет, 573, 3 мың тонна сүт, 305, 6 млн. жұмыртқа, 789, 5 тонна жүн өндірілді, бұл 2008 жылдың деңгейінен сәйкесінше 2, 0, 4, 7, 17, 3, 4, 5% жоғары. Облыс тұрғындары өздері өндірген мал шаруашылығының өнімдерімен толығымен қамтамасыз етілген. Халықтың жан басына 70 кг ет (сойылған салмақта), 890 кг сүт, 475 жұмыртқа өндірілді, бұл оларды тұтыну стандарттарынан асады.
Кәсіпкерлік.
Облыста 2010 жылғы 01.01. нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 24, 0 мың бірлікті құрады және 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4, 8% өсті , оның ішінен заңды тұлғалар – 1, 8 мың бірлік, шаруашылық қожалықтар — 3, 2 мың бірлік, жеке кәсіпкерлер – 19, 0 мың бірлік.
2009 жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім 124, 4 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 3, 6% артық.
Әлеуметтік-саяси көрініс
Біздің облысымыз / Әлеуметтік саяси көрініс
2010 жылғы 1 қыркүйек күнге облыс халқының саны 641, 1 мың адамды құрайды, оның ішінде 230, 7 мың адам (36, 0%) — қалалық, 410, 4 мың адам (64, 0%) — ауыл тұрғындары. Облыс аймағында Қазақстан Республикасы халқының 4, 0% өмір сүреді. 2010 жылдың қаңтар-тамыз айларында 5 619 туылған адам, 5 411 қайтыс болған адам, 2 936 неке, 1 220 ажырасулар тіркелді.
Облыс аймағында 96 ұлт өкілдері тұрады. Соңғы жылдары байырғы ұлт халқының саны өсіп келеді.
2010 жылғы қыркүйектегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 682 теңгені құрады. Азық-түлік себетінің құны 8 210 теңгені құрады.
Облыс орталығы –Петропавл қаласы, негізі 1752 жылы қаланған, халық саны 195, 2 мың адамды құрайды.
2009 жылы жұмыссыз деп 3, 2 мың азамат танылды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 3, 1%, немесе 102 адамға аз.
2009–2010 оқу жылында облыста 635 білім беру ұйымы қызмет етеді, оның ішінде 3 — мемлекеттік емес түрінде. Оларда 83, 03 мың оқушы оқып тәрбиеленеді, оның ішінде 632 мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде — 82, 8 мың оқушы. 634 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінен 148 — қазақ тілінде, 109 – қазақ және орыс тілінде білім береді.
Облыстың техникалық және кәсіби білім жүйесі 4, 9 мың оқушы жалпы қамтылған 17 мемлекеттік және 3 мемлекеттік емес кәсіби лицейден және 12 колледжден тұрады (оның ішінен 4 – мемлекеттік емес), онда 13, 9 мың оқушы оқиды. Оларда 67 мамандық және 26 кәсіп бойынша даярлау жүргізіледі.
Облыста 14, 4 мың бала қамтылған 356 балабақша қызмет етеді (олардың 11 мемлекеттік емес), оның ішінде 297 мектепке дейінгі шағын-орталықтар. 34 қосымша білім беру ұйымдарында (оның ішінен 6 мемлекеттік емес) өз қызығушылықтары мен қабілеттері бойынша 13, 9 мың бала мен жасөспірімдер қатысады.
2009 жылы жалпы білім беру мектептері жанынан 4 балабақша мен 243 мектепке дейінгі шағын-орталықтар ашылды.
Жалпы алғанда облыста 586 мәдениет объектісі бар, оның ішінде 454 мемлекеттік. Мәдениет объектілерінің желісіне 3 театр, 1 филармония, 11 мұражай, барлық меншік түріндегі 245 клуб (125 мемлекеттік), барлық меншік түріндегі 319 кітапхана (308 мемлекеттік), 6 кино көрсету қондырғысы (5 мемлекеттік), 1 кино таспаларын жалға беру, сондай-ақ 18 телетеатр енеді.
Облыста спорт резерві мен жоғары санатты спортшылардың дайындығымен 26 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері айналысады, оның ішінде 3 олимпиада резервінің мектебі – велоспорт бойынша «Жеңіс» және су спортының түрлері бойынша «Дельфин»; спорт акробатикасы мен К.Байболов атындағы қысқы спорт түрлері бойынша екі мамандандырылған мектеп, сондай-ақ де спортта дарында балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат пен олимпиада резервін даярлау орталығы айналысады. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап облыста жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істей бастады.
Облыста 2166 спорт имараттары: 32 стадион, 4 спорт кешені, 526 спорт залы, 11 суда жүзу қауызы, 16 шаңғы базасы, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 87 атқыштар тирі, 6 теннис корты, 224 бейімделген үй-жай, 1157 жазықтық құрылғы, 97 хоккей корты, 2 ипподром, 3 атыс алаңы жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында велоспорт спорттың тірек түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының үздік шабандоздарының бірі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері — Александр Винокуров. Ол велосипед спорты бойынша Бескөл балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі. 1998 жылы Петропавл қаласында велосипед спорты бойынша олимпиада резервін даярлау бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды.
Қазіргі таңда облыста құрамында 235 бірлестіктер мен топтар енетін 16 діни конфессиялар жұмыс істейді. Діндар адамдардың қарамағында 132 діни ғимараттар бар. 148 қауымдастық тіркелген.

Инвестионный портал СКО

Сайт Президента РК

Сайт областного акимата Сайт городского акимата

Электронное правительство

МИТ

Invest.gov.kz















© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасы,

Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000,
Петропавл қ., Парк көшесі, 57в

Тел.: +7 (7152) 50–08–30
Факc: +7 (7152) 53–15–44
E-mail: spk.sko@mail.ru